×
503.17
600.89
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.17
600.89
6.63

Ресей пропагандистері Орталық Азия елдеріне тағы тиісті

Бүгін, 14:38
Ресей пропагандистері Орталық Азия елдеріне тағы тиісті
Видео кадры

«Россия 1» телеарнасының эфирінде Орталық Азия мен Кавказ елдеріне қатысты резонанс тудырған мәлімдемелер жасалды. «Вечер с Владимиром Соловьёвым» бағдарламасында саясаттанушы Сергей Михеев посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер «өз орнын білуі тиіс» және «әрекеттері туралы ойлануы қажет» деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол бұл сөздерін Украинадағы жағдаймен салыстыра отырып айтты.

Михеевтің айтуынша, Мәскеудің көпжылдық қолдауы өңір елдерін «еркелетіп жіберген» және олар Ресей тарапынан көрсетілген көмекті қалыпты жағдай ретінде қабылдай бастаған. Оның пікірінше, Ресей көрші мемлекеттердің көптеген мәселесін, соның ішінде еңбек миграциясы мен экономикалық қолдау мәселелерін шешіп келеді, алайда соған қарамастан «қарыз тарап» сияқты көрінеді.

- Ресей бәріне қарыз, ал Ресейге ешкім ештеңе қарыз емес екен. Бұл тығырыққа тірейтін жағдай. Осылайша посткеңестік елдер бізге қоқан-лоқы көрсете алады. Онсыз да олардың түрлі проблемасын шешім келе жатырмыз. Еңбек миграциясы, тағысын тағы, бәріне көмектесіп келе жатырмыз. Бірақ сонда да біз қарыз болып қалады екенбіз. Украинада болып жатқан жайтқа да осы жағдай себеп. Бұл олардың жүйкесіне тиеді, неге екенін білесіз бе? Себебі біз оларды тым еркелетіп жібердік. Отырсақ опақ, тұрсақ сопақпыз. Енді мұндайға шыдамаймыз, – дейді Михеев. 

Бағдарлама барысында жүргізуші Владимир Соловьёв бұл ұстанымды қолдап, мұндай өткір мәлімдемелердің өзге елдер өкілдерінде жүйкесіне тиетінін айтты. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Айта кетейік, Владимир Соловьёв бұған дейін де Ресейдің назарын «жақын шетел» елдеріне шоғырландыру қажеттігін бірнеше рет мәлімдеген. Ол Орталық Азияны Мәскеудің стратегиялық мүдделер аймағы деп атап келген.

Серіктес жаңалықтары