×
503.17
600.89
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.17
600.89
6.63

Ресей 1 ақпанға дейін Украинаға соққы жасамауға келісті

Бүгін, 17:23
Ресей 1 ақпанға дейін Украинаға соққы жасамауға келісті
Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамптың өтініші бойынша Ресей 1 ақпанға дейін Украина аумағына соққы беруден бас тартуға келіскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Кремль өкілі Дмитрий Песков хабарлаған. 

— Иә, президент Трамптың президент Путинге жеке өтініші болды. Ол келіссөздер жүргізуге қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында 1 ақпанға дейін Киевке соққы жасамауды сұрады, — деді Песков Вашингтон бастамасын Мәскеу қолдады ма деген сұраққа жауап бере отырып.

Песков сондай-ақ Владимир Путиннің Киев билігінің басшысын ешқайда шақырмағанын және кездесу ұсынбағанын атап өтті.

— Кездесуді Зеленскийдің өзі сұрады, бастаманы да сол көтеріп отыр. Ал оған жауап ретінде президент Путин: иә, біз дайынбыз, бірақ тек Мәскеуде ғана, — деп нақтылады Кремль өкілі.

Серіктес жаңалықтары