×
503.17
600.89
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.17
600.89
6.63

Жаңбыр жауып, бұрқасын болады: бүгінге ауа райы болжамы

31.01.2026, 00:05
Жаңбыр жауып, бұрқасын болады: бүгінге ауа райы болжамы
Әлеуметтік желіден

«Қазгидромет» синоптиктері 31 қаңтар, сенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман күтіледі, облыстың таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) мол түсуі ықтимал. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таулы аудандарда 15–20 м/с. Шымкентте, Түркістанда мезгіл-мезгіл тұман күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан соғады, таулы аудандарда 15–20 м/с. Тараз қаласында мезгіл-мезгіл тұман, көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Орал қаласында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан, күндіз екпіні 15–20 м/с.

Павлодар облысының оңтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15–18 м/с. Өскеменде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстігінде және орталығында 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с-ке дейін жетеді. Семейде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Атырау облысының батысында аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында және орталығында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында және солтүстігінде аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Петропавл қаласында оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с. Қызылорда қаласында мезгіл-мезгіл тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде таңертең және күндіз аздаған қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, шығысында және оңтүстігінде тұман болады.

Ақмола облысының шығысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде екпіні 15–20 м/с.

Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында және шығысында тұман күтіледі.

Серіктес жаңалықтары