×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды

Бүгін, 14:10
Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды
ашық дереккөзден

31 қаңтар кешкісін Иранның бірнеше қаласында жарылыстар болды. Солардың бірі елдің оңтүстігіндегі Парсы шығанағы жағалауында орналасқан Бендер-Аббас қаласында тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW-ге сілтеме жасап.

МӘН-ЖАЙ

Мемлекеттік теледидардың деректеріне қарағанда, жарылыс Моаллем бульвары ауданындағы 8 қабатты ғимаратта болған. Салдарынан екі қабат зақымданып, ғимараттың төменгі деңгейлеріндегі дүкендер мен тұрақтағы автокөліктерге зақым келген. Оқиғаның себептері әзіргш анықталған жоқ. Оқиға орнына құтқару және өрт сөндіру қызметтері жіберілген. Tasnim агенттігі бір адам қаза тауып, 14 адам жарақаттанғанын хабарлады.

Сонымен қатар, Mehr агенттігі Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласындағы тұрғын үй кешенінде жарылыс болғанын хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыстың себебі – газдың ағуы. Қаза тапқандар туралы ақпарат бар, бірақ ресми расталмаған.

Кейбір БАҚ-та Паранд және Тебриз қалаларында да жарылыстар туралы хабарлар шықты, бірақ ресми органдар бұл ақпаратты әзірше растаған жоқ.

Әлеуметтік желілерде Бендер-Аббас қаласында Иран Ислам революциясы корпусының Әскери-теңіз күштері командирі Әлиреза Тангсириге шабуыл жасалды деген хабарлар пайда болғаннан кейін, ирандық агенттіктер бұл мәліметтерді жоққа шығарды. Mehr және Tasnim агенттіктерінің дерегінше, сенімді дереккөздер мұндай оқиға болмағанын мәлімдеген. Израиль ресми тұлғалары да болған жарылыстарға еш қатысы жоқ екенін хабарлаған.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін Иран билігі елдің қарулы күштері АҚШ-пен қатынастардағы шиеленіске байланысты жоғары дайындыққа қойылғанын мәлімдеген. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп Иран жаңа ядролық келісімнен бас тартқан жағдайда күш қолдану мүмкіндігін қайта растаған және аймаққа қосымша әскери кемелер жіберілгенін хабарлаған еді.

Серіктес жаңалықтары