×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Астанадағы бассейнде үстіне шкаф құлаған баланың анасы істің созылып жатқанын мәлімдеді

Бүгін, 15:35
Астанадағы бассейнде үстіне шкаф құлаған баланың анасы істің созылып жатқанын мәлімдеді
Видеодан алынғвн кадр

Былтыр жазда Астанадағы бассейннің киім ауыстыратын бөлмесінде шкаф құлап кеткен қыздың анасы тергеудің созылып жатқаны туралы айтып, билікке үндеу жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Мәруан Тілегенованың айтуынша, 2025 жылғы 13 тамызда DARAFIT спорттық-сауықтыру кешенінің киім ауыстыратын бөлмесінде екі есікті шкаф оның 8 жастағы қызының үстіне құлаған. Бала ауыр жарақат алған. Бұл деректі кейін сот-медициналық сараптама қорытындысы да растаған.

Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалған. Жәбірленуші ретінде қыздың әкесі танылған. Алайда анасының сөзінше, тергеу іс жүзінде тоқтап қалған. Отбасына іс материалдарымен толық танысуға мүмкіндік берілмеген, ал желтоқсан айының соңында тергеуші істі сотқа жолдаудан бас тарту туралы қаулы шығарған.

Әйел бұл шешімді негізсіз деп есептейді. Оның айтуынша, құжатта тағы қандай тергеу әрекеттерін жүргізу қажет екені және олардың мерзімі көрсетілмеген. Сонымен қатар, процессуалдық құжаттарда өрескел қателіктер бар екенін айтып отыр. Оқиға күні мен баланың деректері қате жазылған.

Кейін тергеу қосымша сараптама қажет деген уәжбен тоқтатылған. Алайда денсаулыққа келтірілген зиянның ауырлығы бұған дейін-ақ анықталған. Анасының айтуынша, бұл шешім туралы отбасына ресми түрде хабарланбаған.

Мәруан Тілегенова Қазақстан президентіне, Бас прокуратураға және өзге де мемлекеттік органдарға ашық өтініш жасаған. Ол істі қайта қозғауды және тергеу әрекеттеріне құқықтық баға беруді сұрап отыр.

Еске салайық, былтыр оқиғадан кейін спорт кешені өкілдері киім ауыстыратын бөлмелердегі барлық шкаф қосымша бекітілгенін және енді қауіп жоқ екенін мәлімдеген. Полиция бұған дейін бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растаған.

Серіктес жаңалықтары