×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Иран билігі наразылық кезінде мыңдаған адам құрбан болғанын мойындады

Бүгін, 08:06
Иран билігі наразылық кезінде мыңдаған адам құрбан болғанын мойындады
Фото: MEK/The Media Express/SIP/SIPA/picture alliance

Иран билігі жаппай наразылықтар кезінде қаза тапқан мыңдаған адамның есімін алғаш рет жариялады. Алайда тәуелсіз дереккөздер адам шығыны бұдан әлдеқайда көп екенін айтып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иран билігі жаппай наразылықтар барысында қаза тапқандардың алдын ала тізімін жариялады. Президент Масуд Пезешкианның әкімшілігі орналастырған құжатта 2985 адамның аты-жөні көрсетілген. Ал ресми дерек бойынша құрбандардың жалпы саны — 3117 адам. Президент әкімшілігі 131 адамның жеке басы әлі анықталмағанын айтады. Олардың деректері кейінірек жарияланады.

Наразылықтар қалай басталды

Наразылықтар 2025 жылдың желтоқсан айының соңында Тегеранда басталды. Алғашында адамдар көшеге экономикалық қиындықтарға байланысты шыққан. Алайда көп ұзамай наразылықтар саяси сипат алып, бүкіл ел аумағын қамтыды. Билік оған қатаң шаралармен жауап қатты. Мемлекеттік құрылымдардың, шетелдік БАҚ пен куәгерлердің дерегінше, ең қанды түндер 8 және 9 қаңтарда болды. Time журналы Иран денсаулық сақтау министрлігіндегі жоғары лауазымды қызметкерлерге сілтеме жасап, дәл осы екі күннің өзінде ондаған мың адам қаза табуы мүмкін екенін жазған.

Нақты ауқымы әлі де белгісіз

Құрбандардың нақты саны әлі күнге дейін даулы мәселе болып отыр. Куәгерлер мен құқық қорғаушылар елдің түкпір-түкпірінде қауіпсіздік күштері демонстранттарға оқ атқанын айтады. Мәліметтерді тәуелсіз түрде тексеру бірқатар факторға байланысты айтарлықтай қиындады: интернет пен мобильді байланыстың өшірілуі, ақпаратқа қатаң мемлекеттік бақылау, журналистердің жұмысына қойылған шектеулер. Соның салдарынан болып жатқан жайттардың объективті көрінісі әлі күнге дейін толық қалыптасқан жоқ.

Ресми деректер және балама бағалар

Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи 23 қаңтарда барлығы 3117 адам қаза тапқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, олардың 2427-сі — бейбіт тұрғындар мен күштік құрылым қызметкерлері, ал қалғандарын ол «террористер» деп атады. Алайда тәуелсіз құқық қорғау ұйымдары басқа мәліметтер келтіреді. АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency (HRANA) агенттігі 31 қаңтардағы жағдай бойынша 6713 өлімді растағанын және тағы 17 091 ықтимал жағдай бойынша ақпаратты тексеріп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары