×
501.02
597.27
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
501.02
597.27
6.59

Мәскеуде экс-судьяны өлтірді деген күдіктілер іздестіріліп жатыр

Бүгін, 12:12
Мәскеуде экс-судьяны өлтірді деген күдіктілер іздестіріліп жатыр
Ulysmedia.kz коллажы

Ресейдің Тергеу комитеті Германияда қаза тапқан Қазақстанның бұрынғы судьясы Айгүл Сайлыбаеваның ата-анасының өтінішіне жауап беріп, тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ресейдің федералдық арналарында Германияда Қазақстан азаматының өлтірілгені туралы ақпарат тарады. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа марқұмның енесі мен бұрынғы күйеуі қатысы болуы мүмкін. Олар қазір Мәскеуде жасырынып жүр деген болжам бар.

Қаза тапқан әйелдің ата-анасы Ресей Тергеу комитетінің төрағасы Александр Бастрыкинге ресми түрде жүгінген.

– Сюжетте келтірілген деректерге байланысты Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу қаласы бойынша тергеу органдары процессуалдық тексеру жүргізуді ұйымдастырды. Тергеу комитетінің төрағасы А.И. Бастрыкин Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасының басшысы Д.В. Беляевке тексеру барысы жөнінде баяндауды тапсырды. Бұл тапсырманың орындалуы ведомствоның орталық аппаратында бақылауға алынды, – делінген Тергеу комитетінің хабарламасында.

КОНТЕКСТ

Айгүл Сайлыбаева 40 жаста еді. Ол Ұлыбританияда білім алып, Астанада судья қызметін атқарған. Соңғы жылдары отбасымен Германияда тұрған. 4 маусым күні таңертең екі жасар қызын балабақшаға апарып, сол күйі хабарсыз кеткен. 12 күннен кейін оның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта бала әкесімен бірге тұрып жатыр.

Жақында Айгүл Сайлыбаеваның анасы Шолпан Батқалова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көмек сұрап, күдіктілерді елге экстрадициялау ісіне араласуын сұрады.

Серіктес жаңалықтары