×
505.17
599.54
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.17
599.54
6.59

Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп

Бүгін, 08:03
Үндістан ресейлік мұнайдан бас тартуға келісті – Трамп
pixabay.com

Үндістан билігі Ресейден мұнай сатып алу көлемін қысқартып, АҚШ-тан шикізат импортын арттыруға келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамптың айтуынша, әңгіме барысында тараптар сауда мәселелерін және Украинадағы соғысты аяқтау жолдарын талқылаған. АҚШ көшбасшысы Модидің ресейлік мұнайдан бас тартып, АҚШ-тан, сондай-ақ Венесуэладан отын сатып алуды ұлғайтуға келіскенін алға тартты. Трамптың пікірінше, бұл шешім соғыстың аяқталуын жақындатуға көмектеседі.

Сондай-ақ АҚШ президенті Вашингтон мен Нью-Дели арасында жаңа сауда келісімі жасалғанын, оның бірден күшіне енетінін хабарлады. Келісім аясында АҚШ үнді тауарларына салынатын кедендік баж салығын 25%-дан 18%-ға дейін төмендетеді. Бұған жауап ретінде Үндістан америкалық тауарларға қатысты тарифтік және тарифтік емес кедергілерді кезең-кезеңімен алып тастамақ.

Бұдан бөлек, Үндістан АҚШ-тан жалпы құны 500 млрд доллардан асатын өнім сатып алуға міндеттеме алды. Әңгіме энергетика, көмір және ауыл шаруашылығы салаларындағы жеткізілімдер туралы болып отыр.

Трамп екі ел арасындағы қарым-қатынас одан әрі нығая түсетінін айтып, үнді премьерімен жасалған жеке келісімдерді ерекше атап өтті.

Ал Нарендра Моди келіссөз нәтижелерін X әлеуметтік желісінде пікірлеп, баж салығын төмендеткені үшін Трампқа алғыс білдіріп, кездесудің қорытындысын оң бағалады. Алайда ресейлік мұнайдан бас тарту тақырыбын ол қозғамады.

Серіктес жаңалықтары