×
505.17
599.54
6.59
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
505.17
599.54
6.59

Қазақстанда екінші АЭС-тің қай жерде салынатыны белгілі болды

Бүгін, 09:32
Қазақстанда екінші АЭС-тің қай жерде салынатыны белгілі болды
ulysmedia.kz коллажы

Қазақстанда екінші АЭС қай жерде салынатыны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Үкіметтің 26 қаңтардағы қаулысына сәйкес, Қазақстанда екінші атом электр станциясын салуға арналған жер белгіленді.

«Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын (бұдан әрі – ядролық қондырғы) салу және Алматы облысының Жамбыл ауданы – ядролық қондырғы салынатын аудан туралы шешім қабылдансын», – делінген үкімет қаулысында.

Былтыр ақпандар бірінші атом электр станциясы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңында салынады деп бекітілген болатын. 

Референдум

2024 жылы 6 қазанда Қазақстанда АЭС салуға қатысты жалпыхалықтық референдум өтті. Орталық референдум комиссиясының ресми қорытындысына сай, дауыс берген азаматтардың 71 пайызы Қазақстанда АЭС салуды қолдаған. Бірақ референдумға «станцияны қай елдің компаниясы салғанын қалайсыз?» деген сауал шығарылған жоқ.

Қарсылық

АЭС құрылысына қатысты қоғамдық талқы өткен кезде бірқатар экологтар мен азаматтық қоғам өкілдері қарсы шықты. Олар Совет заманында ядролық сынақ өткен Семей полигоны мен Чернобль АЭС-індегі апатты мысалға келтіріп, АЭС салынады деген Балқаш көлінің алдағы тағдырына алаңдаған. Наразылар атом электр станциясын «Росатом» салатын болса, ол Қазақстанның Ресейге саяси және энергетикалық тәуелділігін арттырады деген.

Ресей мен Қытай салатын АЭС

Кейіннен Қазақстан үкіметі алғашқы атом электр станциясын салу бойынша халықаралық консорциум көшбасшысы Ресейдің мемлекеттік «Росатом» компаниясы болатынын айтты. АЭС салынады деп белгіленген Алматы облысындағы Үлкен ауылынан топырақ сынамалары алынған.

Екінші АЭС-ті салуға байланысты консорциум көшбасшысы болып Қытай таңдалған.

Серіктес жаңалықтары