Монтана штатында пойыздың рельстен шығып кетуі салдарынан 50 адам зардап шекті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
lenta.ru-дың хабарлауынша, Хилл округінің төтенше жағдайлар қызметінің үйлестірушісі Аманда Фрикелдің 50 -ден астам адам жарақат алғанын айтқан. Оның мәліметінше, кем дегенде бір жолаушы қаза тапқан. Барлық тірі азаматтар апат орнынан шығарылған.
Amtrak теміржол жолаушылар компаниясының хабарлауынша, пойыз Джоплин елдімекенінің маңында рельстен шығып кеткен. Апат кезінде пойызда шамамен 150 жолаушы мен 13 экипаж мүшесі болған. CBS телеарнасы апат салдарынан үш адам қаза тапқанын хабарлады.
Оқиға орнына алты ауданның құтқарушылары аттанды. Апат болған аймақта медициналық тікұшақтар бар, сондай-ақ бес аурухана жараланған жолаушыларды қабылдауға дайын.