Қазақстан банктерін алдағы уақытта жаңа шектеулер мен тыйымдар күтіп тұр. Алайда бұл шаралар ақша жылыстатумен күресте қаншалықты тиімді болмақ? Осы тақырыпта қаржылық аналитик Арман Бейсембаев National Business Kazakhstan басылымына пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сарапшының айтуынша, 7 трлн теңге – Қазақстан арқылы өткен күмәнді қаржының тек бір бөлігі ғана. Оның бағалауынша, 2022 жылдан кейін елдің банк жүйесі арқылы өткен нақты сома әлдеқайда жоғары.
– Бұл қаржы Ресейден Қазақстан арқылы Түркияға немесе Біріккен Араб Әмірліктеріне, одан әрі шартты түрде Нидерланды сияқты елдерге жіберілген болуы мүмкін. Ақша не офшорлық аймақтарда қалып қояды, не тікелей Еуропаға өтеді. Бұл сырттай қарағанда оңай көрінгенімен, шын мәнінде өте күрделі тізбек, – дейді Арман Бейсембаев.
Сарапшы алдағы шектеулер мұндай схемаларды толық тоқтата ала ма, әлде тек формалды шара болып қала ма деген сұрақтың жауабы әлі де жоқ екенін айтады.