×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті

Бүгін, 08:07
Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті
Ашық дереккөзден

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Балтабай Сейітмамытұлы – саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнағаН тұлға еді. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді.

- Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз, – деп хабарлады мәдениет министрлігі.

Ұлысмедиа редакциясы марқұмның жақындарына көңіл айтады. 

Серіктес жаңалықтары