×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

Сабақ кезінде оқушының толғағы басталған: Ақтөбеде зейнеткерге үкім шықты

Бүгін, 10:28
Сабақ кезінде оқушының толғағы басталған: Ақтөбеде зейнеткерге үкім шықты
Ulysmedia.kz

Ақтөбе облысында 64 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды зорлағаны үшін сотталды. Сабақ кезінде 14 жастағы мектеп оқушысының кенет толғағы басталып, ауруханаға жеткізілген. Ол жүкті болғанын сол сәтке дейін ешкім білмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сот алдында жәбірленуші қыздың туған әжесінің күйеуі жауап берді. Ол Қылмыстық кодекстің екі бабы – кәмелетке толмағанды зорлау және азғындыққа салу бойынша кінәлі деп танылып, 21 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкімді судья Алтынбек Сабыров жариялады.

- Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша 20 жылға бас бостандығынан айыру, 124-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза ретінде орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде 21 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру белгіленсін, – деді судья.

Сотталған азамат үкімге қарсылық білдірмей, оны үнсіз тыңдаған.

КОНТЕКСТ

Бұл оқиға туралы алғаш рет 2025 жылдың қазан айында белгілі болған. Қыздың жүкті екенін туған-туыстары да, мектеп ұжымы да білмеген. Шындық тек босану кезінде анықталған. Кейінірек жол-көлік оқиғасында сотталған азаматтың жұбайы – мектеп оқушысының әжесі қаза тапты.

ЖӘБІРЛЕНУШІ ҚАЗІР ҚАЙДА?

Білім басқармасының мәліметінше, қыз босанғаннан кейін оқуын жалғастырып жүр. Ал нәресте қазір Үміт балалар үйі мекемесінде тәрбиеленіп жатыр. Баланың жағдайы тұрақты, дамуы қалыпты деп бағаланған.

Серіктес жаңалықтары