×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

Ресейде екі қазақстандық қамауға алынды

Бүгін, 14:22
Ресейде екі қазақстандық қамауға алынды
istock

Ресейде диверсия (қаскүнемдік) жасады деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Ленинград облысы соттарының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ленинград облысындағы Ломоносов аудандық соты 2006 жылы туған екі қазақстандыққа қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады. Олар диверсия (қаскүнемдік) жасады деген күдікке ілінген.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктілер — Тараз қаласының тұрғындары. Қылмыс жасалған сәтте олар Санкт-Петербургте тұрған. Тергеу нұсқасына сәйкес, ауыр материалдық жағдай мен заңды табыстың болмауына байланысты олар ақшалай сыйақы үшін тапсырма орындауға келіскен.

«Кураторлар» деп аталатын адамдардың нұсқауымен қазақстандықтар 40 мың рубльге (шамамен 260 мың теңге) Ленинград облысының Ломоносов ауданында ұялы байланыс операторларының біріне тиесілі базалық станцияның тарату қалқанын өртеген.

Күдіктілер оқиға орнынан алыс емес жерде ұсталған. Құқық қорғау қызметкерлері оларды таксимен қашуға әрекеттенген кезде тоқтатқан. Аталған іс бойынша қозғалған баптың санкциясы 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Чикагода екі қазақстандыққа алаяқтық бойынша ауыр айып тағылған болатын. 

 

Серіктес жаңалықтары