Егер сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, қызметкерсіз өз бетіңізше жұмыс істесеңіз — жөндеу жасасаңыз, оқытсаңыз, тұрғын үй жалға берсеңіз, жаттықтырушы, фотограф немесе басқа да жеке қызмет көрсетсеңіз, Kaspi.kz қосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған сервистер сіз үшін:
• Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шотты онлайн түрде 1 минутта тегін ашу
• Kaspi.kz қосымшасында төлем қабылдау және чектің автоматты түрде қалыптасуы
• Аударымдар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу және төлеуге дайындау
Kaspi.kz суперқосымшасындағы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шот заң талаптарын сақтауға, сондай-ақ жеке қызметтен түскен табысты жеке аударымдардан бөлек жүргізуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) қызметкерсіз, айына 300 АЕК-ке дейін (1 297 500 теңге) табыс табатын, 40 қызмет түрі бойынша өз бетімен жұмыс істейтін адамдарға арналған.
Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:
- Мемлекеттік органдармен бірлесіп, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жаңа, ыңғайлы сервистерді іске қостық. Өз бетімен жұмыс істейтін сүйікті клиенттеріміз Kaspi.kz суперқосымшасының ішінде-ақ тегін шот ашып, Kaspi QR арқылы немесе қашықтан төлем қабылдай алады. Чектер автоматты түрде қалыптасады, ай қорытындысы бойынша аударымдар мен әлеуметтік төлемдер есептеледі. Ынтымақтастығы үшін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ бізбен бірге болған әрбір клиент пен серіктеске алғыс айтамыз!.
Сейілжан Ахметов, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимін енгізу – өз бетімен еңбек ететін азаматтарды қолдаудағы маңызды қадам. Жаңа режим айына 300 АЕК-ке дейінгі табыс кезінде жеке табыс салығын төлемей, тек 4% әлеуметтік төлемдер төлеу арқылы қызметті заңды түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша мемлекет көлеңкелі экономикадан шығуға және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды әлеуметтік қорғау жүйесіне тартуға қолайлы әрі түсінікті жағдай жасап отыр.
Kaspi.kz арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған шот ашып, тиімді шарттармен төлем қабылдауды бүгіннен бастаңыз:
• Шот ашу және қызмет көрсету: тегін
• Kaspi Бонус: 4-айдан бастап төлем сомасының 1%-ы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға
• Төлем қабылдау комиссиясы: 4-айдан бастап 0,95%
Жаңа сервис пен жұмыс шарттары туралы толық ақпарат Kaspi Гид бөлімінде қолжетімді.
Kaspi.kz туралы
Kaspi.kz-тің миссиясы – сүйікті клиенттері мен серіктестерінің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен сервистер жасау. Инновациялардың өзегі – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады. Қосымша елдегі жетекші электронды сауда, төлем және қаржылық қызметтерді біріктіреді.
Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізумен тиімді онлайн сатып алулар жасайды, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жүргізеді, жеке қаржысын басқарады, әуе және теміржол билеттерін, турлар сатып алады және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.
Бизнес үшін Kaspi.kz Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі. Оны 700 мыңға жуық қазақстандық кәсіпкер қолданады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржы алып, төлем қабылдайды, жарнама науқандарын іске қосады, салық төлейді, электронды сауда мен жеткізу платформасына қосылып, өз тауарларын ел бойынша сатады.
Гарвард бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын дайындаған. Бұл материалдар бойынша магистратура студенттері бірнеше жылдан бері білім алып келеді.