×
503.44
593.35
6.55
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.44
593.35
6.55

Депутат Өскемендегі экологиялық апат туралы айтты

Бүгін, 15:13
Депутат Өскемендегі экологиялық апат туралы айтты
ЖИ / ulysmedia.kz

Мәжіліс депутаты Марат Башимов Өскемен қаласындағы экологиялық ахуалдың күрделі әрі ауыр деңгейге жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада ауа сапасы жүйелі түрде ластанып, соның ішінде күкіртсутек пен күкірт диоксидінің шекті рұқсат етілген мөлшерден асуы алаңдатады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Депутат Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдап, зиянды қалдықтарды азайту бойынша жедел шаралар қабылдауды, кәсіпорындардың жауапкершілігін күшейтуді, сондай-ақ экологиялық тәуекел аймақтарында тұратын тұрғындарға өтемақы мен әлеуметтік жәрдемақы енгізуді ұсынды.

Марат Башимовтың айтуынша, азаматтар биліктің әрекетсіздігі үшін өз денсаулығымен есептеспеуі тиіс.

- Мәселе бір реттік асып кетулер немесе маусымдық құбылыстар туралы емес. Бұл – азаматтардың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіріп отырған атмосфералық ауаның жүйелі ластануы. Қаңтар айының соңында “Қазгидромет” РМК облыстық филиалының ресми деректеріне сәйкес, Өскеменде күкіртсутек пен күкірт диоксидінің шекті рұқсат етілген концентрациясы 3,6 есе асып кеткен, – деп атап өтті депутат.

Башимов экологиялық қауіп аймақтарында тұратын халықты қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болуы тиіс екенін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары