Үкіметтің қаулысымен ауыл жастары арасынан шыққан азаматтарға «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін ЖОО-да білім грантымен оқу тәртібіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Үкіметтің сайтына сілтеме жасап.
«Ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота белгіленген білім беру бағдарламаларының топтарына арналған конкурс мынадай түрде өтеді: білім беру бағдарламаларының осы топтары бойынша гранттардың жалпы санының 65 %-ы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал гранттардың қалған 35 %-ына конкурс ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін ғана өткізіледі», - делінген Үкіметтің 2023 жылғы 23 қаңтардағы №31 қаулы мәтінінде.
Айта кетсек, бұрынғы қаулыда гранттардың 30 пайызы конкурс негізде тек ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін өткізілілген еді.