2026 жылдың қаңтарында Қазақстандағы қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы желтоқсанмен салыстырғанда орта есеппен 2%-ға өсті. Ал Астанада шаршы метрдің құны тарихи максимумға жетіп, 600 мың теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ең жоғары өсім Астанада (+5,2%), Көкшетауда (+3,2%), Қарағанды мен Өскеменде (+3,0%), сондай-ақ Семейде (+2,8%) тіркелді. Бағаның шамалы төмендеуі тек Алматы (0,1%) мен Ақтөбеде байқалды (0,4%).
БАҒАЛАР
Ел бойынша орташа баға 419 мың теңге/шаршы метр болды. Жылдық өсім — 9%. Ең жоғары жылдық өсім Ақтауда (+22,7%), Астанада (+16,2%) және Қостанайда (+13,5%) тіркелген. Шымкент пен Алматыда бір жыл ішінде баға 6–8% аралығында өсті. Бағаның төмендеуі ешбір өңірде байқалмаған.
ҚАЛАЛАР
Қайталама нарықтағы ең қымбат тұрғын үй әлі де Алматыда — 804 695 теңге/шаршы метр. Одан кейін Астана (601 740 теңге) және Шымкент (490 000 теңге) тұр. Ең арзан баға Қызылордада (269 083 теңге/шаршы метр), Таразда (321 653 теңге) және Ақтөбеде (324 013 теңге) тіркелген, деп жазады krisha.kz.