×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарға қатынайтын 30 автобус Қытаймен шекарада тұрып қалды

28.01.2023, 10:22
Павлодарға қатынайтын 30 автобус Қытаймен шекарада тұрып қалды
Ашық дереккөз

Бір жолаушы автобусының құны – 70 миллион теңге. Олар Павлодардың автобус паркін жаңартуға арналған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

№1 автобазаның техникасы өткен жылы қала әкімдігінің балансында болған кәсіпорынды жеке саудагерлер сатып алған соң жаңартыла бастаған.

«Бірден көлікті жаңартуға кірістік. Индустриялық даму қорына қаржыландыруға өтінім бердік, жеткізушіге 100 автобустың төлемі жіберілді. Алайда пандемияға байланысты Қытаймен шекарада 30 автобус тұрып қалды», - деді «Нар Транс» компаниялар тобының бас директоры Ризван Цинаев.

Оның айтуынша, компания мамыр айының соңына дейін жаңа автобустарды күтеді. Біріншісі сәуір айының ортасында келеді деп жоспарлануда. Ал шекарада тұрып қалған – әрқайсысының құны 70 миллион теңге тұратын, 12 метрлік, төмен еденді, үш есікті автобустар.

Көлік Қазақстан Даму Банкінен жеті жылға лизингке сатып алынды, оған өз қаражатының 20% автокөлік паркі инвестициялады.

Еске салайық, бір күн бұрын Маңғыстауда көліктің жалған транзитінен келген шығын 10 млрд теңгені құраған болатын.