×
495.1
583.72
6.46
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.1
583.72
6.46

«Оқушының өзіне қол жұмсауына мұғалім де кінәлі»: суицидке итермелегендерді қандай жаза күтіп тұр?

Бүгін, 18:20
«Оқушының өзіне қол жұмсауына мұғалім де кінәлі»: суицидке итермелегендерді қандай жаза күтіп тұр?
Ulysmedia.kz коллажы

Соңғы он күнде Қазақстанда үш оқушы өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МЕКТЕПТЕГІ СУИЦИДКЕ МҰҒАЛІМ ДЕ КІНӘЛІ

Алматы облысында 13 жастағы оқушы өзіне қол жұмсап мерт болған, Солтүстік Қазақстан облысында 16 жастағы мектеп оқушысы суицид жасап, ауыр жағдайда ауруханаға түсті, Алматыдағы элиталық мектепте тағы бір оқушы да өзін өлімге қиып, ауруханада жатыр. Тағы да қаншама осындай қайғылы жағдай болфып жатқаны баршаға аян.

Белгілі психолог Серікгүл Сәли оқушылар арасындағы суицидеке екі себеп – буллинг және күйзеліс себеп болатынын айтады.

«Ата-аналар мен ұстаздар баланы жақсы танып-біліп, онымен жақсы қарым-қатынас жасауы керек. Бала үшін маңызды сұрақтар болады. Оның жауабын беру керек. Қазіргі балалар білімнің, интеллектің, ақылдың балалары. Сондықтан оларға кішкентай деп, оны менсінбей, жауап бермей, өтірік айта салады. Соны балалар көтере алмайды. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламада мұғалімдер ескі көзқарасты ұстанады. Көп жағдайда баланың буллингке тап болуына, өзіне қол салуына ұстаздар өздері кінәлі. Ортаға шығарып, масқарасын шығарып, ар-намысына тиіп, бір-бірімен салыстырып, беделін түсіріп, күлкі-мазақ қылады. Оның соңы қайғылы жағдайға себеп болуы мүмкін. Ешқашан буллингті мектеп әкімшілігі  мен оқушылар ғана шеше алимайды. Оған ата-аналалар да белсенді араласуы керек. Бірлесіп белгілі бір шара қолданғаны жөн. Оқушылармен отырып булиингтің салдарын айтып, мүмкін кітап, кино арқылы талдау керек. Балаларға бауырмал болып, бір-бірін жемтік, құрбан қылуына себеп болатын жолдардан аулақ болуды түсіндіру керек. Сөзсіз бұл жерде буллинг көшбасшысы болады. Сол баланы жазалау керек. Ата-анасын балаңыз буллингке себепкер болып жатыр десе, оны қабылдамайды, себебі оның жазасын көрмеген. Сондықтан, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар сол оқушыны тәртіптік жолмен жазалауды қолға алғаны жөн», - дейді маман.

Алматы облысындағы Самсы ауылында 13 жастағы оқушының өзіне қол жұмсауына марқұмның анасы мектеп тарапынан көрсетілген психологиялық қысым себеп болғанын айтып отыр. Тәрбие ісі жөніндегі меңгеруші жасөспірімге дөрекі сөздер айтып, психологиялық қысым көрсеткен. Қатты қорланған бала асылып қалған. Алайда кінәлі адам әлі жазаға тартылмаған.

ҚАУІПСІЗДІККЕ КЕПІЛДІК БЕРІЛГЕН ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕ ДЕ СУИЦИД БОЛАДЫ

Алматылық кәсіпкер негізінен шетелдік компаниялар мен дипломаттардың балалары білім алатын беделді QSI мектебінде оқитын қызы буллингке ұшырағанын мәлімдеген. Оның айтуынша, соның салдарынан қызы өзіне қол жұмсауға әрекеттенген. Ол оқу орны басшылығын қанша ескерткенмен шара қабылдамай, немқұрайлық пен салғырттық танытты деп айыптап отыр. Қалалық порлиция департаменті тергеу әрекеттері барысында буллинг фактілері расталмады деп отыр. Қылмыс құрамы жоқ деп істі жауып тастаған.

Алайда қыздың әкесі басқа ата-аналар тарапынан да мектепке буллинг бойынша шағым-арыз көп түсіп жатқанын айтады. Мектеп әкімшілігі өз беделін түсірмеу үшін үндемей отыр.

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕПТЕРДЕ ОҚУ ҚҰНЫ ҚАНША

Forbes Kazakhstan деректеріне сәйкес, Алматы мен Астана қалаларында барлығы 204 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Екі мегаполистегі бұл білім беру ұйымдарында оқу ақысы айына 180 мың теңгеден басталып, 1,5 млн теңгеге дейін барады.

Forbes Kazakhstan жасаған рейтингте биылғы жылы көш бастап тұрған — Алматыдағы Haileybury Almaty мектебі. Мұнда 749 оқушы білім алады. Білім ордасының жылдық табысы 9,51 млрд теңгені құрайды. Ай сайынғы оқу ақысы орта есеппен 1,4 млн теңгеден басталады.

Екінші орынға Алматыдағы Tamos Education физика-математика мектебі жайғасты. Бұл оқу ордасында 2284 бала оқиды, ал жылдық табысы 7,63 млрд теңгеге жеткен. Ай сайынғы оқу құны 300 мың теңгеден басталады.

Үздік үштікті Астанада орналасқан Haileybury Astana мектебі қорытындылайды. Бұл білім беру мекемесінің табысы да жоғары  7,63 млрд теңге. Мұндағы оқу ақысы Алматыдағы филиалынан сәл қымбат, айына орта есеппен 1,45 млн теңгеден басталады.

Төртінші орын Алматыдағы QSI халықаралық мектебіне тиесілі. Әлемнің 31 елінде 37 филиалы бар QSI мектеп желісінің Алматыдағы оқу орны 6,44 млрд теңге табыс тапқан. Ай сайынғы оқу ақысы 1,4 млн теңгеден басталады.

Ал үздік бестікті Алматыдағы Kazakhstan International School халықаралық мектебі түйіндейді. Бұл мектептің таза табысы 5,73 млрд теңгені құрайды.

СУИЦИДКЕ ИТЕРМЕЛЕГЕНІ ҮШІН ҚАНДАЙ ЖАЗА КӨЗДЕЛГЕН

Белгілі заңгер, құқық қорғаушы Ләззат Рақышева баланың суицидке баруына басқа біреулердің әрекеті себеп болса, нақты кінәлі адам Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтады.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы өзіне қол жұмсауға итермелеу мен көмектесу әрекеттерін қылмыс деп таниды. Бұл бап бойынша жауапкершілік адамның жасы мен әрекеттің сипатына қарай сараланады. Егер біреудің әрекеті адамның, әсіресе баланың өз-өзіне қол жұмсауына тікелей себеп болса, ол адам ҚК 105-бабының 2 немесе 3-бөлігімен қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Кәмелетке толмаған балаға қатысты болса – 105-баптың 3-бөлігімен 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Ал ересек адамға қатысты және бұл әрекет интернет арқылы жасалса – 2-бөлікке сай, 5 жылға дейін түрме жазасы тағайындалады. Мұндай әрекеттерге кибербуллинг, қорқыту, психологиялық қысым және әлеуметтік желіде тараған “өлім ойындары” сияқты мазмұндар да жатады”, - дейді маман.

Серіктес жаңалықтары