×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға ұшып келді

Бүгін, 09:10
Сабуров Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін Қазақстанға ұшып келді
РИА Новости

Әзілкеш Нұрлан Сабуров таңсәріде Мәскеуден ұшып шыққан рейспен Алматыға келіп, журналистермен сөйлесуден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Нұрлан Сабуров Алматыға Мәскеуден келген рейспен жетті. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша 04:50-де қонған. Tengri Life мәліметінше, әуежай қызметкерлері журналистерге әртістің келген сәтін фото және видеоға түсіруге рұқсат бермеген.

Сабуров БАҚ өкілдеріне ешқандай пікір бермей, журналистермен сөйлесуден бас тартқан. Оны бір топ адам әуежай ғимаратынан дереу алып шыққан. Куәгерлердің айтуынша, әртіс көпшілік көзіне түспеуге тырысып, әуежай аумағынан тез кетіп қалған.

БҰҒАН ДЕЙІН

Бұған дейін Сабуровқа Мәскеуге ұшып барғанда Ресейге кіруге тыйым салынғаны хабарланған еді. Ресейлік БАҚ мәліметінше, мұндай шешім "ұлттық қауіпсіздік мүддесі үшін" қабылданған.

Алайда РФ-ның ресми ведомстволары да, әзілкештің өзі де, оның өкілдері де бұл жағдайға қатысты әзірше жария түсініктеме берген жоқ.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Нұрлан Сабуровтың өзі де оның заңды өкілдері Ресейдегі ҚР Елшілігіне жүгінбегенін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары