×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Дариға Назарбаева Астана – Алматы бағытындағы тұрақты рейспен ұшқан

Бүгін, 15:40
Дариға Назарбаева Астана – Алматы бағытындағы тұрақты рейспен ұшқан
Әлішер Елікбаев

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар рейсінде көзге түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Блогер Әлішер Елікбаевтың айтуынша, ол Назарбаеваны Астана – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсте, бизнес-класста көрген.

– Оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле салысымен ұйықтап кеттім, қонарда оянсам, жанымдағы орындықта Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып келе жатыр екен, – деп жазды ол.

Блогер сондай-ақ Назарбаеваның оққағардың еріп жүргенін айтқан.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін саясаттанушы Арсен Сәрсеков желтоқсан айының соңында Кремльде Владимир Путинмен болған Нұрсұлтан Назарбаевтың жекелей әңгімесінде басты тақырып оның үлкен қызы болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

Айта кетейік, 2020 жылы Сенат спикері қызметінен кеткен Дариға Назарбаева Қаңтар оқиғаларынан кейін саяси сахнадан көрінбей кетті.

Серіктес жаңалықтары