27 қаңтарда Тараз қаласында салынып жатқан нысанның төбесінен 19 жастағы қыз секіріп кетті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“27 қаңтарда сағат 15:50 шамасында Тараз қалалық ПБ жедел басқару орталығына ықшам аудандардың бірінде құрылысы аяқталмаған нысанның төбесінен қыз баланың секіріп кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ-нің 105-бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деп жазды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінен.
Секірген қыздың 19 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды. Шұғыл түрде облыс орталығындағы ауруханалардың біріне жеткізілген ол қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
Бойжеткеннің суицидке бару себебі тергеп-тексеру шаралары барысында анықталатын болады.
Басқа да мән-жайлар ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.