×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Қазақстандық әскери Ресейге адалдық антын қабылдады

Бүгін, 11:01
Қазақстандық әскери Ресейге адалдық антын қабылдады
shutterstock/fotodom

Қазақстанда туған 55 жастағы ер адам Украина аумағында Ресей жағында соғысқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ол 2019 жылы Зауральеге (РФ, Қорған облысы) келген, жұмыс істеп жүріп, кейін уақытша тұруға рұқсат пен ықтиярхат алған. Одан соң Украинаға қарсы соғысқа қатысу үшін Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған. Жарақат алғаннан кейін әскер қатарынан босатылған.

2026 жылдың қаңтарында ол Ресей азаматтығын алу туралы өтініш берген. Өтініш РФ президентінің шетел азаматтарына, егер олар Ресей армиясында қызмет еткен болса, қысқа мерзімде азаматтық алуға мүмкіндік беретін жарлығына сәйкес мақұлданған.

– Қызметін аяқтаған соң ер адам Ресей Федерациясының азаматы болуға шешім қабылдап, 2026 жылдың қаңтарында азаматтық алу жөнінде өтініш берді. Өтініш қаралып, оң шешім қабылданды, – деп жазды Ресей ІІМ-нің Қорған облысы бойынша басқармасының баспасөз қызметі.

Осылайша бұрынғы қазақстандық Ресей азаматының антын қабылдап, жаңа төлқұжат алды.

Серіктес жаңалықтары