×
494.63
583.22
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.63
583.22
6.42

Нағыз сүт Қазақстанға кетіп жатыр, ал бізге ұнтақ қана қалып отыр — қырғыз депутаты

Бүгін, 17:29
Нағыз сүт Қазақстанға кетіп жатыр, ал бізге ұнтақ қана қалып отыр — қырғыз депутаты
Фото: freepik

Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаты Айсара Абдибаева 9 ақпанда қаржы, бюджет, кәсіпкерлік және бәсекені дамыту жөніндегі комитет отырысында елдің өзін сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейіне қатысты мәселе көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қырғыз Республикасының ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Жәнібек Керималиев Қырғызстан өзін сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырғанын айтып, өндірілген сүттің бір бөлігі Қазақстанға экспортталатынын мәлімдеді.

Алайда депутат бұл жағдайға наразылық білдіріп, Қырғызстаннан экспортталатын сүттің сапасына назар аударды. Оның айтуынша, елден нағыз, экологиялық таза сүт сыртқа кетіп, ал жергілікті тұрғындар ұнтақ сүт тұтынуға мәжбүр болып отыр.

- Бізде сүт жоқ, ұнтақ қана. Азаматтарымыз ұнтақ ішіп отыр. Бұл мәселе бойынша арнайы комиссия құру қажет. Егер фермерлер Бішкекте сүт сататын шағын дүкен ашса, өнім бірден өтіп кетер еді. Біз, қала тұрғындары, не ішіп жүргенімізді де білмейміз. Ал өзіміздің экологиялық таза сүтіміз экспортқа кетіп жатыр, — деді Айсара Абдибаева.

Депутаттың айтуынша, бұл мәселе ішкі нарықтағы сапалы азық-түлікке қолжетімділік пен отандық ауыл шаруашылығын қолдау тұрғысынан қайта қаралуы тиіс.

Серіктес жаңалықтары