×
494.75
586.77
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.75
586.77
6.38

Бизнеске берілетін несиелердің үлесі төмен деңгейде қалып отыр, банктер еш қиналмай 3 трлн теңгеге жуық табыс тапты – Тоқаев

Бүгін, 13:10
Бизнеске берілетін несиелердің үлесі төмен деңгейде қалып отыр, банктер еш қиналмай 3 трлн теңгеге жуық табыс тапты – Тоқаев
Фото: Depositphotos.com

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске берілетін несиелердің үлесі тұрақты түрде төмен 38% деңгейінде қалып отырғанын,  банктер тек 2025 жылдың өзінде-ақ еш қиналмай шамамен 3 трлн теңге табыс тапқанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Тоқаев жаңа инвестициялық кезеңнің тиімді жүзеге асуы көбіне қаржы секторының белсенді атсалысуына байланысты екенін мәлімдеді.

- Бүгінде еліміздің қаржы нарығындағы жиынтық активтердің 84 пайызы банк саласына тиесілі. Дегенмен бизнеске берілетін қарыз үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Не бары 38 пайызды құрайды. Ал екінші деңгейлі банктер былтыр «шыбық басын сындырмай», еш қиналмай 3 триллион теңгеге жуық табыс тапты. Банктер экономиканың негізгі қаржыландыру көзі ретінде өзінің заңды рөліне оралуы үшін жағдай жасау қажет дегенді талай рет айтылды. Бірақ сылтау таусылмайды. Нәтижесінде банк жүйесіндегі алаяқтық әрекеттерге куә болдық. Ірі, жүйе құраушы банктер мемлекет тарапынан орасан зор көмек берілгеніне қарамастан, дағдарысқа ұшырап, тура мағынасында 1 долларға сатылды. Қазір банктердің өзіне тартатын қаржы ресурстарының құны жоғары деген әңгіме айтыла бастады. Олардың экономиканы қаржыландыруына осы кедергі келтіріп отыр-мыс. Демек экономиканы қолжетімді кредитпен қамтамасыз етудің жалғыз жолы – инфляцияны тұрақтандырып, деңгейін төмендету, содан кейін нарықтық мөлшерлемені азайту, – деді Президент.

Мемлекет басшысы  бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктің жүйелі, үйлесімді әрі кәсіби тұрғыда жұмыс істегені маңызды екенін атап айтты.-

- Тағы да қайталап айтамын: бұл ретте Үкімет пен Ұлттық банктің жүйелі, үйлесімді әрі кәсіби тұрғыда жұмыс істегені маңызды. Халықаралық валюта қорының кеңесіне құлақ асып, түрлі терминологияны оңды-соңды қолдануға аса көп ақылдың қажеті жоқ. Аздап ойланып, тым болмаса көптеген түйткілді шешуге талаптанып көру, бұл – басқа мәселе, – деді Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары