×
491.88
585.83
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.88
585.83
6.36

Ердоған ұлын президенттікке дайындап жатыр

Бүгін, 08:06
Ердоған ұлын президенттікке дайындап жатыр
Ашық дереккөзден

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған билікті ұлына беруге дайындықты күшейтті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды. Басылым Биляль Ердоғанның қоғамдық және саяси рөлі артып келе жатқанын атап өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Агенттіктің мәліметінше, 44 жастағы Биляль соңғы уақытта әкесінің жанында жиі көріне бастады. Ол шетелдік сапарларда бірге жүріп, жоғары деңгейдегі кездесулерге қатысады және биліктегі Әділет және даму партиясының ішінде ықпалды тұлғаға айналып келеді. Мемлекеттік БАҚ-та оның қызметі туралы материалдар тұрақты жарияланады, ал дереккөздер Биляль Ердоған кадрлық іріктеуге қатысып, өзіне жақтас топ қалыптастырып жатқанын айтады. Биляльдің өзі ашық саяси амбициясын жоққа шығарғанымен, Bloomberg сұхбаттастары оның көшбасшылыққа бейресми түрде дайындалып жатқанын жеткізген. Олардың айтуынша, болашақта ол Әділет және даму партиясы төрағалығы мен тіпті елдің вице-президенті қызметіне үміткер болуы мүмкін.

КУЛУАРДАҒЫ ӘҢГІМЕЛЕР

Билік мұрагерлігі тақырыбы ұзақ уақыт бойы жабық саналып келді. Ердоған 20 жылдан астам уақыттан бері түрік саясатында үстемдік етіп келеді және өз қозғалысының негізгі тұлғасы болып отыр. Партия ішінде «одан кейін кім?» деген әңгімелер тоқтатылатын. Алайда соңғы уақытта бұл мәселе бейресми түрде жиі талқылана бастады.

Қазіргі жағдай президент үшін салыстырмалы түрде қолайлы. 2023 жылғы сайлаудан кейін экономикалық көрсеткіштер, инфляция және орталық банктің резервтері жақсара бастады. Ердоғанның басты саяси қарсыласы саналған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу қамауға алынып, сайлауға қатысу құқығынан айырылуы мүмкін. Сыртқы саясатта Түркия Таяу Шығыста ықпалын күшейтіп, әлемдік негізгі ойыншылармен байланысын белсенді дамытып жатыр.

БЕЙРЕСМИ ДАЙЫНДЫҚ

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, мемлекеттік саясат мамандығы бойынша Гарвард университетін тәмамдаған Биляль Ердоған қазірдің өзінде басқару тәжірибесін жинақтап, партия ішіндегі позициясын нығайтып келеді. Жақында берген сұхбаттарының бірінде ол «Ердоғаннан кейін» оның буыны белгіленген бағытты саясатта, қоғамдық өмірде және білім саласында жалғастыруы тиіс екенін айтты.

2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ БИЛІК

Ресми түрде Ердоған 2028 жылға дейін президент болып қала алады. Алайда оның айналасы мерзімінен бұрын сайлау өткізу немесе Конституцияға өзгеріс енгізу арқылы өкілеттігін ұзарту сценарийлерін де жоққа шығармайды. Партия ішіндегі дереккөздердің пікірінше, жаңа жеңіс жағдайында ол партия басшылығын ұлына кезең-кезеңімен тапсыруға мүмкіндік алар еді. Конституция Биляльді вице-президент етіп тағайындауға да жол береді.

Сонымен қатар, дереккөздер мұндай сценарийдің табысты болуына кепіл жоқ екенін айтады. Негізгі тәуекелдер қатарында өмір сүру құнының өсуі және күрд топтарымен (Қазақстанда террористік ұйымдар деп танылған) бейбіт үдерістің үзілуі аталады. Дегенмен әлсіреген оппозиция мен макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруы аясында Ердоғанның позициясы әзірге тұрақты көрінеді. Президент кеңсесі, Әділет және даму партиясы басшылығы және Биляль Ердоған бұл ақпараттарға ресми түсініктеме беруден бас тартты.

Серіктес жаңалықтары