×
491.88
585.83
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.88
585.83
6.36

Елімізде қорғасынды онлайн «құйып» емдейтіндер көбейді

Бүгін, 09:00
Елімізде қорғасынды онлайн «құйып» емдейтіндер көбейді
ЖИ / ulysmedia.kz

Қазақстанда онлайн емшілік ұсынатындар саны артып келеді. Әлеуметтік желілерде «қорғасын құйып, жолыңызды ашамын» деп жарнама жасайтын парақшалар қаптаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қабылдауға барудың қажеті жоқ — қызмет ақысын аударсаңыз жеткілікті. Олар дертті қашықтан «анықтап», сол арқылы ем жүргізетінін айтады. Тіпті «сиқыр бар», «бойыңызда лас энергия бар» деп сендіріп, онлайн ұшық жасайтындар да пайда болған, деп жазады Информбюро31.

Желіге кірсеңіз, «қашықтан емдеймін» деген хабарландырулар көзге жиі түседі. Кейбірі тіл-көзден сақтайтынын, жолды ашатынын алға тартады.

Діни басқарма өкілдері қазақ арасында қорғасын құю дәстүрі болғанын мойындайды. Бірақ интернет арқылы «жол ашу» немесе «бой тазалау» сияқты әрекеттердің шариғатқа сәйкес келмейтінін ескертеді.

- Интернеттен көріп алып, «емдейміз», «сиқырды табамыз», «жол ашамыз» деген секілді қазақтың бар дәстүрін басқа бағытқа бұрып жіберген. Сондықтан қазақтың дәстүріндегі қорғасын құюмен қазіргі істеп жатқан бақсы-балгерлердің түсініксіз әрекеттерін шариғат құптамайды, – дейді ҚР Діни Басқармасы шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы. 

Этнографтардың айтуынша, қорғасын құю — көне ғұрып. Ол негізінен шошынып қалған баланың үрейін басу мақсатында жасалған.

- Көз тию мен суық тию ғой. Қалың киініп жүріп, сосын қамшымен дем салу арасында кейде жауырын қарау элементтері кездеседі. Ол қорғасын құйған кездегі құйылған қорғасынның бейнесін білдіреді. Содан қорқып, үркіп қалды деген тұжырымды білдіреді, – дейді этнограф Жанболат Қазанбаев. 

Қазір әлеуметтік желілерде онлайн қорғасын құюға қатысты видеолар қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны шипаға балайды, енді бірі алаяқтық деп санайды. Онлайн «құйылған» қорғасын расымен ем бола ала ма, әлде сенімге негізделген жаңа табыс көзі ме — бұл сұрақ әзірге ашық күйінде қалып отыр.

Серіктес жаңалықтары