×
490.58
584.77
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.58
584.77
6.34

Қырғыз парламентінің спикері отсавкаға кететін мәлімдеді

Бүгін, 11:13
Қырғыз парламентінің спикері отсавкаға кететін мәлімдеді
akipress.org

Қырғызстан парламентінің (Жоғары Кеңесінің) спикері отставкаға кететінін мәлімдеді,  деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Нұрлан Тургунбекұлы Қырғызстан Жогорку Кеңесінің спикері қызметінен кету туралы өтініш берді.

Депутаттар алдында сөйлеген сөзінде ол өзінің Түркияға іссапармен кеткен кезінде ел ішінде елеулі саяси өзгерістер болғанын айтты.

 «Мен екі адамға да, бір адамға да қызмет етпеймін, мен қырғыз халқына, парламентке және мемлекетке қызмет етемін. Сондықтан мені белгілі бір тұлғамен байланыстыру дұрыс емес. Бізде саяси мәдениет қалыптасуы тиіс. Ешбір жанжалсыз, түрлі алыпқашпа әңгімесіз бұл шешімді өз еркіммен қабылдап, Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңесінің төрағасы қызметінен кетуді ұйғардым», – деді ол.

Оның айтуынша, бұл шешімді қабылдауда ешкім қысым жасамаған, ол отставкаға өз қалауымен барған. Сонымен қатар, Тургунбекұлы президент Садыр Жапаровтың саяси бағытын қолдайтынын мәлімдеді.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, спикердің отставкасы туралы мәселе парламенттің қарауына ұсынылып, депутаттардың басым көпшілігі қолдауы тиіс.

Контекст

Нұрлан Тургунбекұлы алғаш рет 2022 жылдың қазан айында, VII шақырылымда Жоғарғы Кеңес төрағасы болып сайланған. 2025 жылдың желтоқсанында VIII шақырылым жасақталғаннан кейін де спикер қызметіне сайланды.

Тұрғынбекұлы 10 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет (ҰҚМК) төрағасы қызметінен босатылған Қамшыбек Тәшиевтің жақын серіктерінің бірі ретінде аталады.

Отставка қабылданғаннан кейін депутаттар өз кандидаттарын ұсынуы тиіс. Ең көп дауыс жинаған үміткер Жоғарғы Кеңестің жаңа спикері болып сайланады.

 

Серіктес жаңалықтары