Шавкат Рахмоновтың әйелі түскен жол апатына қатысты істі алдын ала тыңдау күні белгіленді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы К.М.Муратов, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен айыпталып сотқа берілген Гүлайым Рахмоноваға қатысты қылмыстық істі қарап, сотқа дейінгі тергеп тексеру органымен Рахмонованың іс-әрекеті ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігімен сараланғанын анықтады.
Судья Гүлайым Сәрсенбекқызына қатысты қылмыстық істі Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың өндірісіне қабылдансын деген қаулы шығарған.

Ол бойынша алдын-ала тыңдау 16 ақпан сағат 15:00-ге Жамбыл облысың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында, сот мәжілісінде өткізіледі.
Сот ісі қазақ тілінде жүргізіледі.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Шавкат Рахмоновтың әйелі куәгерден күдіктіге айналғаны хабарланған еді.
АПАТ ТУРАЛЫ
Апат Алматы – Екатеринбург автожолының 296-шақырымында, Ақсуйек ауылы маңында болған. Toyota Land Cruiser тізгінінде UFC-дің танымал жекпе-жекшісі Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова отырған. Көлік салонында Рахмонованың ұлы және екі құрбысы болған.