×
490.58
584.77
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.58
584.77
6.34

Жылу төлемінің өсуі астаналықтардың наразылығын тудырды: жылумен жабдықтаушы компания не дейді?

Бүгін, 16:05
Жылу төлемінің өсуі астаналықтардың наразылығын тудырды: жылумен жабдықтаушы компания не дейді?
Фото: Depositphotos.com

«Астана-Теплотранзит» АҚ елордада қаңтар айында жылу үшін коммуналдық төлемдердің неге өскенін түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Әлеуметтік желілерде тұрғындар қаңтар айындағы түбіртектердегі төлемдердің өсуіне жаппай шағымданып жатыр. Кейбір пайдаланушылардың айтуынша, жылу үшін төлем 3–5 мың теңгеге көбейген.

«Астана-Теплотранзит» АҚ-ның мәліметінше, энергияға ақы төлеу есепке алу құралдарының көрсеткіштерi бойынша абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн жүргізіледі. Құрал болмаған немесе уақытша бұзылған кезде, есеп айырысу есептеу тәсілімен жүргізіледі.

Есепке алу құралы бойынша- орнатылған есептегіштің деректері негізінде;

есептеу тәсілмен - бекітілген нормативтер мен шарттық мәндер бойынша.

Жылыту ақысының мөлшері келесі факторларға байланысты:

· бекітілген тариф;

· сыртқы ауаның орташа айлық температурасы;

· есептеу тәсілі (есепке алу құралымен немесе есепке алу құралынсыз).

 – Төлем сомасына әсер ететін негізгі фактор - ауа райы жағдайы. Күн неғұрлым суық болса, тұтынылатын жылу энергиясының көлемі соғұрлым артады, тиісінше төлем де жоғарылайды, – делінген хабарламада.

Компанияның мәліметінше, 2025 жылғы қарашада +0,36 °C, 2025 жылғы желтоқсанда −8,1 °C,  2026 жылғы қаңтарда −14,3 °C болған.

Серіктес жаңалықтары