×
494.28
587.06
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.28
587.06
6.4

Жәннатты 7 мың долларға сатып алуға болатынын айтқан коуч талқыға түсті

Бүгін, 11:00
Жәннатты 7 мың долларға сатып алуға болатынын айтқан коуч талқыға түсті
Видео кадры

Желіде жәннатты 7 мың долларға сатып алуға болатынын айтқан коуч Жанәділ Райымбеков талқыға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Коучтың видеосы желіде тарады. Видеода Жанәділ Райымбеков тірі кезінде жәннатты 7 мың долларға сатып алғандар барын айтады. 

- 700 мыңның ақшасын бересің, 7 миллиардтың проблемасын шешесің. 700 мың теңге бересің, 7 миллионмен құтылмайтын бәлелерден құтыласың. 700 мың теңге бересің, пайғамбарымыз жәннатты сатып алды деген сахабаны көрсетті. Жәннатты сатып алатын адамдар болады, білесіздер ме? Қажылыққа 7 мың доллар ақша беріп, жәннаттық болып келетін адамдар бар. Олар жәннатты тірі кезінде сатып алғандар. Бірақ олар 7 мың доллар төлеп едік қой деп міндетсінбейді. Құдай үшін бергеннен кейін артынан адамдардан ешнәрсе талап етіп, күтпейді, – дейді коуч. 

ҚАЗНЕТ РЕАКЦИЯСЫ

Желі қолданушылары бұл видеоны қыз талқылаған. 

- Бояушы бояушы дегенсайын сақалын бояпты. Фантастиканы айтпаңдаршы.  

- Пайғамбарды өз көзімен көргендей соғатынын айтсаңшы. Осылар өзі қайдан шығып жатыр білгішсініп, өтірікті соғып. Тыңдаушылар неге отыр мынадай әңгімені тыңдап. Сұмдық.

- Жамағат дұрыс түсініңдер!Бұл 15-жыл болған в-роллик.Бұл беретін садақаны айтып тұр. Жәннәтті сатып алу деген, ол берген садақаң. Ол берген садақаң әрине жетім-жесір, мұқтаж, ауру-сырқау жандарға жұмсалса. Ол жәннәт емей не? Құдай сол берген садақаңды көріп тұрса.

Серіктес жаңалықтары