×
494.28
587.06
6.4
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.28
587.06
6.4

Алматыда Иаков Воронцов ұсталды

Бүгін, 12:10
Алматыда Иаков Воронцов ұсталды
Facebook/Иаков Воронцов

Алматы қаласында бұрынғы шіркеу қызметкері Иаков Воронцовтың ұсталғаны хабарланды. Бұл туралы журналист Данияр Молдабеков өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Журналистің мәліметінше, түнгі уақытта Воронцовтың үйіне күштік құрылым өкілдері келіп, тінту жүргізген. 

– Менде бар дерек бойынша, түнде оның үйіне күштік құрылымдар басып кіріп, тінтіп, өзін полиция департаментінің изоляторына алып кеткен. Ақпаратпен бөлісіп отырамын, – деп жазды журналист.

Қалалық полиция әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Воронцовтың адвокаты Ғалым Нұрпейісов Азаттық радиосына оның ұсталғанын растаған.

Бұған дейін ҚазТАГ агенттігі Иаков Воронцовтың «діни бірлестігін тіркеуден бас тартқаны үшін» қалалық әділет департаментінің үстінен Алматы әкімшілік сотына шағым түсіргенін хабарлаған еді. Сондай-ақ агенттік дерегінше, бір жарым жыл бұрын оған қатысты «экстремизм» бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылған.

Иаков Воронцов қоғамда резонанс тудырған өзекті мәселелерге қатысты пікірін ашық білдіріп жүрген азамат ретінде белгілі. Ол Украинадағы соғысты да айыптаған.

Серіктес жаңалықтары