×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Павлодар облысында үй ішінде ұзақ уақыт жатқан адамдардың мәйіті табылды

Бүгін, 12:24
Павлодар облысында үй ішінде ұзақ уақыт жатқан адамдардың мәйіті табылды
Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті

Павлодар облысы Майқайың кенті аумағында көрші екі үйден ер адам мен әйел адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олардың біреуі шамамен екі жыл бұрын, екіншісі бірнеше ай бұрын қайтыс болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Қазіргі уақытта адамдар тұрып жатқан (болжам бойынша, сектанттар) үйлерден екі мәйіт табылған. Бір адамның өлімі шамамен екі жыл бұрын, ал екіншісі шамамен қыркүйек айында көз жұмған, деп жазды жергілікті Kerek.pv телеграм-арнасы. Сондай-ақ, марқұм әйелдің онкологиялық дертке шалдыққаны, ал екінші қайтыс болған адамның оның жұбайы болғаны болжанып отыр.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, өлім себептері мен оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Серіктес жаңалықтары