×
496
588.01
6.42
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
496
588.01
6.42

Су тасқыны қаупі: Жамбыл облысына әскери қызметшілер жіберілді

Бүгін, 16:33
Су тасқыны қаупі: Жамбыл облысына әскери қызметшілер жіберілді
pexels

Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери қызметшілері алдын алу шараларын жүргізу үшін Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Жоғары су тасқыны қаупі кезеңінде профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін Жамбыл облысына №28237 әскери бөлімінің бөлімшесі жіберілді.

ҚР ТЖМ мәліметінше, жеке құрам Жаңатұрмыс ауылдық округіне орналастырылған.

Әскери қызметшілер су басу қаупін азайту, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылым нысандарын ықтимал төтенше жағдайларға дайындау жұмыстарымен айналысады. Барлығы 25 әскери қызметші мен екі техника бірлігі жұмылдырылған.

Серіктес жаңалықтары