АҚШ тағы бір санкцияға іліккен мұнай танкерін ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
АҚШ Үнді мұхитында Veronica III танкерін ұстады. Бұл танкер Иран мұнайын тасымалдады деген күтікпен американың санкциялар тізіміне енген.
АҚШ әскери министрлігінің мәліметінше, АҚШ әскери қызметкерлер кемені Кариб теңізі аймағынан бастап Үнді мұхитына дейін бақылауда ұстаған. «Кеме президент Дональд Трамп енгізген карантин шектеуін айналып өтуге тырысты», деп жазылған ресми мәлімдемеде. Танкер Панама туының астында жүрген.
Контекст
Өткен аптада АҚШ әскери десанты Үнді мұхитында санкция салынған Венесуэла мұнайын Қытайға тасымалдамақ болды деген күдікпен Aquila II танкерін ұстаған. Бұл танкер Ресейдің «көлеңкелі флотының» бір бөлігі ретінде санкцияға іліккен.