×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ирандағы жер сілкінісінен 2 адам қаза тауып, 664 адам жарақат алды

29.01.2023, 14:54
Фото: Ашық дереккөзден

28 қаңтарда Иранның солтүстік-батысында магнитудасы 5,8 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иранның Батыс Әзербайжан провинциясының Хой қаласында бір күн бұрын болған күші 5,8 балдық жер сілкінісі салдарынан алдын ала мәлімет бойынша 2 адам қаза тауып, 664 адам жарақат алған.

Батыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Садық Мутемедиан зардап шеккен 16 адамның Селмас қаласындағы ауруханаға жеткізілгенін, ауыр жарақат алған 20 адамның Хой қаласындағы ауруханаларға жатқызылғанын, алтауына ота жасалғанын айтты.

Сонымен қатар, IRNA агенттігі Иранның солтүстік-батысындағы Батыс Әзірбайжан провинциясының Хой қаласында болған жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 816-ға жетіп, үш адам қаза тапқанын хабарлады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ екенін айтты.

Оның айтуынша, 70-ке жуық ауыл зардап шеккен. Зиянды бағалау үшін жер сілкінісі ошағынан 30 шақырым радиусты қамтитын аймаққа мамандар тобы жіберілді, деді ол.

Серіктес жаңалықтары