×
491.97
583.77
6.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.97
583.77
6.39

«Украина келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отыруы керек» – Трамп

Бүгін, 09:10
«Украина келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отыруы керек» – Трамп
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Дональд Трамп Киевке келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамп сейсенбі күні Женевада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасында өтетін келіссөздердің маңызын атап өтті.

- Украина келіссөздер үстеліне мүмкіндігінше тезірек отырғаны дұрыс. Айтарым — осы. Біз олардың келгенін қалаймыз. Бұл — маңызды келіссөздер, — деді Трамп.

АҚШ президенті алдағы келіссөздерден не күтетінін сұраған кезде, «бәрі жеңіл өтеді» деген пікір білдірді.

КОНТЕКСТ

Украина дағдарысын реттеу жөніндегі Ресей–АҚШ–Украина форматындағы келіссөздердің үшінші раунды сейсенбі күні Женева қаласында басталады.

Серіктес жаңалықтары