Qarmet компаниясы өндірістік медицинаны қайта жандандыру бағдарламасын іске асырып жатыр. Осы жоба аясында 2025 жылы QarMed клиникалық-диагностикалық орталығы құрылды. Орталықта кеңес беруден бастап заманауи диагностикаға дейінгі медициналық қызметтердің толық спектрі, сондай-ақ медициналық құжаттарды бір жерде рәсімдеу мүмкіндігі ұсынылады.
Жыл сайынғы міндетті медициналық тексерулер аясында Qarmet қызметкерлері бұл орталықта кешенді тексеруден тегін өтіп, бейінді мамандардың кеңесін ала алады. Бұл — компанияның өндірістік медицинаны қайта жандандыруға және персоналдың денсаулығын нығайтуға бағытталған жүйелі бағдарламасының бір бөлігі.

Орталық сапалы, қолжетімді және жедел медициналық көмек көрсетуге бағытталған, артық күтусіз қызмет ұсынады. Мұнда жалпы және тар бейінді білікті мамандар қабылдайды: терапевт, кардиолог, хирург, отоларинголог, офтальмолог, невропатолог, дерматолог, акушер-гинеколог, психиатр-нарколог және басқа да дәрігерлер.

Орталық ғимараты күрделі жөндеу мен жаңғыртудан кейін толықтай жаңартылды. QarMed заманауи сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сай келетін ең жаңа медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда эндоскопиялық зерттеулер (ФГДС, колоноскопия), функционалдық диагностика (ЭКГ, холтер, СМАД, тредмил-тест, спирография, ЭЭГ, аудиометрия), сондай-ақ сәулелік зерттеулердің толық кешені — МРТ, УДЗ және рентген жүргізіледі.

Сонымен қатар орталық барлық азаматтар үшін міндетті медициналық тексерулерден өткізіп, 073/у, 075/у, 076/у нысандарындағы анықтамаларды, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға арналған қорытындыларды (028/у нысаны) рәсімдейді. Зертханалық талдаулар үшін қан алу да жүргізіледі. Мекеме күн сайын сағат 08:00-ден соңғы келушіге дейін жұмыс істейді. Қарағанды қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 10 мекенжайында орналасуы орталықтың қала мен облыс тұрғындары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Жазылу және кеңес алу телефондары: +7 (7212) 49 30 25, +7 700 771 86 84, +7 (7212) 49 30 28.

QarMed медициналық орталығы — заманауи диагностика, кәсіби тәсіл және компания қызметкерлері мен өңір тұрғындарының денсаулығына жүйелі қамқорлық.