×
475.31
555.54
6.05
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.31
555.54
6.05

Ақтөбе облысында прокурор ұсталды

18.02.2026, 12:00
Ақтөбе облысында прокурор ұсталды
Ulysmedia.kz

Ақтөбе облысында полковник шеніндегі прокуратура қызметкері ұсталды. Бейресми мәліметке сәйкес, күдікті 10 миллион теңге көлемінде пара алған болуы мүмкін. Жайттың мән-жайын Ulysmedia.kz тілшісі анықтады.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ұстау 2026 жылғы 17 ақпанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында жүргізілген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

– Ұлттық қауіпсіздік комитетінің орталық аппараты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімшелері және Бас прокуратураның өзіндік қауіпсіздік департаментімен бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкері ұсталды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады қадағалаушы органның баспасөз қызметі.

Аймақтық прокуратура басқа мәліметтерді жарияламады.

Серіктес жаңалықтары