×
489.99
580.25
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.99
580.25
6.38

Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Бүгін, 14:53
Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалды
the-village-kz.com

Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі Жанар Секербаеваның үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Жанар Секербаеваның сөзінше, іс қылмыстық кодекстің 109-1-бабы «Ұрып-соғу» бойынша қозғалған.

«Мені белсенділігім үшін және ориентациям үшін жазалағысы келеді. Feminita-дағы әріптестеріммен бірге 11 жыл бойы Қазақстандағы ЛГБТИК+ өкілдерінің құқықтарын қорғағаным үшін бе? Қорықпай өмір сүріп, белсенділікті тастамағаным үшін бе? Әділетсіздік, дискриминация, әйел құқығының бұзылуымен жан-тәніммен күресемін. Осындай лас арандатушылықтарды ұйымдастырып жатқандардың (неге екені белгісіз, оған мемлекеттік органдар да қатысады – Ж.С) алдында бір қадам да артқа шегінбеймін. Қазақстанның басты мәселесі жемқорлық, ақылдылардың елден кетуі, экономикалық дағдарыс, фемицид, адам өлімі мен суицид деп ойлап едім, бірақ авторитарлық алпауытқа қарсы тұрған бір лесби болады деп ойламаған едім», – деді Секербаева.

Контекст

Жанар Секербаеваның үстінен іс қозғауға 2025 жылғы 22 қарашада Астанада «Френч» дәмханасында болған жағдай себеп болған. Іс Зиуар Жұманованың полицияға жазған арызы негізінде тіркелген.

Оқиға күні Жұманова бірнеше әйелмен бірге дәмханаға барып, онда отырған белсенді Жанар Секербаева мен өзге азаматтарды бейнежазбаға түсіре бастаған. Куәгерлердің сөзінше, түсірілім рұқсатсыз жүргізілген және сол сәтте жанжал туындап, дауыс көтерілген. Кейін оқиға орнына полиция шақырылған.

Жұманова арызында өзіне күш қолданылғанын, соның салдарынан баспалдақтан құлап қалғанын көрсеткен. Ал Секербаева бұл мәлімдемемен келіспей, керісінше өзі шабуылға ұшырағанын айтады. Оның айтуынша, өзінің полицияға жасаған шағымы тіркелмеген.

Жанар Секербаева — әйелдер мен ЛГБТ қауымдастығының құқықтарын қорғаумен айналысатын Feminita бастамасының негізін қалаушылардың бірі. Қоғамдық белсенді ретіндегі қызметіне байланысты ол бұған дейін де бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қысым көргенін мәлімдеген.

Серіктес жаңалықтары