×
489.99
580.25
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.99
580.25
6.38

Тағы бір елде балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Бүгін, 16:37
Тағы бір елде балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салынуы мүмкін
Ulysmedia.kz коллажы

Германияның федералды канцлері Фридрих Мерц кәмелетке толмағандардың әлеуметтік желілерді пайдалануына тыйым салу идеясын қолдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның айтуынша, шектеулер мәселесі 20–21 ақпанда Штутгартта өтетін Христиан-демократиялық одақ съезінде талқыланбақ, деп жазады DW. Мерц зерттеулерге сүйене отырып, 14 жастағы жасөспірімдердің экран алдында күніне бес сағаттан артық уақыт өткізетінін, бұл олардың әлеуметтік дамуына кері әсер етуі мүмкін екенін айтты.

Сонымен қатар, канцлер тыйым салу шараларына жалпы сақтықпен қарайтынын, алайда балаларды қорғау басымдық болуы тиіс екенін атап өтті. Биліктегі коалициядағы серіктестер, яғни Германияның социал-демократиялық партиясы 14 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді толықтай тыйым салуды, ал 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерге платформалардың арнайы нұсқаларын енгізуді ұсынады.

ГФР-дің әділет министрі Штефани Хубиг те бұған дейін мұндай шараларды қолдап, балалар кибербуллингсіз және сырт келбетке таңылған стандарттарсыз өсуі тиіс екенін айтқан.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, бұған дейін Аустралияда 16 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым күшіне енгені хабарланған. Кейін Эммануэль Макрон 2027 жылы өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін 15–16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге әлеуметтік желілерге қолжетімділікті шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Сондай-ақ ол балалар мен жасөспірімдер үшін видеоигрлер мен жасанды интеллекті бар чаттарға да шектеу қою мүмкіндігін жоққа шығармады. Бұдан бөлек, Лондон билігі де балаларға әлеуметтік желілерді тыйым салу мүмкіндігін қарастырып жатқаны белгілі болды.

ҚАЗАҚСТАН

Жуырда премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желілерге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. 16 жасқа толмаған азаматтарға әлеуметтік желілерде тіркелуге тыйым салуды көздейтін заң жобалары әзірленген.

Бұл заң жобалары сараптамалық бағалаудан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылды. Пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін әзірлеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда жауапкершілік шараларын белгілеу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары