×
489.99
580.25
6.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
489.99
580.25
6.38

Шаруалар салық кодексіндегі жаңа норманы тоқтата тұруды сұрады

Бүгін, 17:21
Шаруалар салық кодексіндегі жаңа норманы тоқтата тұруды сұрады
Ulysmedia.kz коллажы

Қазақстандық шаруалар ҚҚС қайтарымының көлеміне қатысты Салық кодексіндегі жаңа норманың қолданылуын келесі қаржы жылына дейін тоқтата тұруды сұрап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ірі аграрлық қауымдастықтар Үкіметке жүгініп, бұл өзгерістің ішкі және экспорттық нарықтарға кері әсер етуі мүмкін екенін ескертті. Олардың артынан Қостанай облысының шаруалары да дабыл қақты. Олар жаңа Салық кодексіне, нақтырақ айтқанда ҚҚС қайтарымының азайтылуына байланысты отандық агросектордың бәсекеге қабілеттілігіне алаңдаулы.

Шаруалардың айтуынша, салықтар АӨК-тегі бүкіл тізбектің — егістіктен дүкен сөресіне дейінгі — рентабельділігіне тікелей ықпал етеді. Яғни, енгізіліп жатқан өзгерістер түптеп келгенде қазақстандықтардың қалтасына әсер етуі мүмкін.

– Маңызды салық төлеуші саналатын агросектордағы «ойын ережелері» жиі өзгермеуі керек. Біз бұл норманың қолданылуын келесі қаржы жылына дейін тоқтатып, барлық факторды жан-жақты есептеуді ұсынамыз, – деп АПК Новости Қостанай облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қауымдастығының өкілі Эдуард Двуреченскийнің сөзін келтіреді.

Агробизнес бұл мәселе бойынша Үкіметпен ашық әрі конструктивті диалогқа үміт артып отыр.

ШЕНЕУНІКТЕР НЕ ДЕЙДІ

Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өкілі Салық кодексінің жаңа 484-бабы теңгерімсіздікті жоюға бағытталғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда трейдерлер мен экспорттаушылар бюджетке нақты төлегенінен гөрі ҚҚС қайтарымы ретінде көбірек қаржы алып отыр.

Серіктес жаңалықтары