Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев өзінің вице-президент қызметіне тағайындалуы мүмкін деген әңгімелерге пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Оның сөзінше, мұндай талқылаулар әлі ерте және қоғамды өзекті мәселелерден алыстатады.
- Менің ойымша, бұл әңгімелер расында да қоғамдық талқылауды дұрыс бағыттан тайдырады. Егер Қазақстан халқы референдумда Конституцияның жаңа жобасын қолдаса, онда барлық кадрлық мәселелер еліміздің жаңа Конституциясына сәйкес шешіледі, - деді ол.
Әшімбаев Ата заңның жаңа редакциясы қабылданған жағдайда да, бұл мәселе мемлекет басшысының құзыретіне жататынын айтты.
- Белгілі бір лауазымды тұлғаларды тағайындау Президенттің құзыретінде. Сондықтан бұл мәселе бойынша қандай да бір талқылаулар мен уәждерді орынсыз әрі артық деп санаймын, - деді спикер.
Ол сондай-ақ Сенаттың қазіргі сессиясы аяқталғаннан кейін депутаттар өңірлердегі жұмыстарын жалғастырып, әділетті, демократиялық, әлеуметтік және ұлттық Қазақстан құру бастамаларын іске асыратынын айтты.
Бұған дейін
Бұған дейін Қазақстанда вице-президент лауазымын енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны хабарланған болатын. Болашақ бір палаталы парламент «Құрылтай» деп аталып, оның құрамында 145 депутат болады, ал өкілеттік мерзімі 5 жыл. Сонымен қатар Президент жаңа жоғары консультативтік орган Қазақстанның Халық кеңесін құруды ұсынды.