Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетіне қарасты аса ерекше маңызды істер жөніндегі алтыншы бас басқармасының жетекшісі Тілек Әбдіхалықов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.
Мән-жай
Бішкек соты Тілек Әбдіхалықовты 15 сәуірге дейін қамауға рұқсат берді. Сот мәліметінше, оған «Жемқорлық» бабы бойынша айып тағылған.
Ашық дереккөздерде Тілек Әбдіхалықов жөнінде толық ақпарат жоқтың қасы. ҰҚМК-ның жемқорлықпен күрес қызметі жойылғаннан кейін ол функция алтыншы бас басқармаға жүктелген.
Контекст
Қамшыбек Ташиев ҰҚМК-ның төрағасы қызметінен алынғаннан кейін ведомствоның бірқатар қызметкері ұсталған. Арасында ҰҚМК-ның Бішкек қалалық басқармасының бұрынғы бастығы – Елдар Жақыпбеков, оған жақын тұлға ретінде аталатын ҰҚМК-ның Шу облысы бойынша басқармасы тергеу бөлімінің бұрынғы жетекшісі Сыдық Дүйсембиев және тағы бірнеше адам бар. Олар да «Жемқорлық» бойынша күдікке ілінген.
Тергеуді әскери прокуратура жүргізіп жатыр, алайда істің жай-жапсары айтылмады.