×
494.66
581.87
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.66
581.87
6.43

Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы әскерлерінің бірлескен жаттығуын бастады

Бүгін, 10:46
Қазақстан мен Ресей әуе қорғанысы әскерлерінің бірлескен жаттығуын бастады
Қорғаныс министрлігі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Ресей әскери күштерімен бірге өңірлік әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бірыңғай жүйесі аясында бірлескен оқу-жаттығу өткізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ведомствоның дерегінше, жаттығу 2026 жылғы 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында өтеді. Бұл — екі ел арасындағы өзара іс-қимыл кестесіне алдын ала енгізілген жоспарлы іс-шара.

Оқу барысында әскери қызметшілер әуе нысандарын анықтау және оларды ілесіп отыру, әуе кеңістігін бұзған ұшақтарды тосқауылдау, сондай-ақ оларды белгіленген әуеайлақтарға қондыруға мәжбүрлеу әрекеттерін пысықтайды, яғни кезекші ӘҚҚ күштерінің дайындығы мен тараптар арасындағы үйлестіру деңгейі тексеріледі.

Қорғаныс министрлігі жаттығудың штаттық екенін және жауынгерлік әзірлікті арттыру мен өзара іс-қимылды жетілдіруге бағытталғанын атап өтті.

– Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тек ресми ақпарат көздеріне сеніп, расталмаған мәліметтерді таратпауды сұраймыз, – делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

20 ақпан күні таңертең Ресейдің жойғыш ұшағы Атырауға шұғыл қонған болатын.

Серіктес жаңалықтары