×
494.66
581.87
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.66
581.87
6.43

Шымбұлақтағы аспалы жол кабинасына екпіні күшті желден зақым келді

Бүгін, 18:00
Шымбұлақтағы аспалы жол кабинасына екпіні күшті желден зақым келді
wikipedia.org

2026 жылғы 21 ақпанда сағат 14:40-та Шымбұлақ курортындағы нысандарда электр жарығы кенеттен өшіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Курорт қызметкерлері барлық аспалы жолды резервтік қуатқа ауыстырып, қонақтарды станцияларға жеткізген.

Қазіргі уақытта негізгі – "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы штаттық режимде қайта жұмыс істеп тұр. Ал "Комби-1" және "Комби-2" аспалы жолдары уақытша резервтік қуатқа қосылды.

– Ауа райының қолайсыздығына байланысты күні бойы "Медеу – Шымбұлақ" жолына ағаш құлап, қозғалыс уақытша тоқтады. Қазір автокөлік жолы толық ашылды. Желдің екпіні бірнеше аспалы жол кабинасына зақым келтірді, техникалық қызмет мамандары жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлады курорттың баспасөз қызметі.

Қонақтар "Медеу – Шымбұлақ" аспалы жолы арқылы түсіріліп жатыр. Жараланғандар немесе қаза тапқандар жоқ.
 

Серіктес жаңалықтары