Түркістан облысында мектеп директоры мұғалімдерге гольф алаңын тазалатқан, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
edu_news_qz-нің мәліметінше, оқу жылының басынан ҚР Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түскен.
Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Б. Омаров атындағы №50 мектеп мұғалімдері мектеп директорының міндетін атқарушы оларды курорттық аймақта гольф алаңын тазалау жұмысына тартқаны үшін шағымданды. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін лауазымды тұлға қызметінен босатылған.