×
494.66
581.87
6.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.66
581.87
6.43

Алматы тауларында бір адам көшкін астында қалып, қаза тапты

Бүгін, 09:55
Алматы тауларында бір адам көшкін астында қалып, қаза тапты
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Алматы тауларында турист көшкін астында қалып, қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.

Мән-жай

Алматы тауларындағы Титов асуында, теңіз деңгейінен 3 400 метр биіктікте қар көшкіні жүріп, туристер тобының екі мүшесі қар астында қалған. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Зардап шеккендердің бірі қар құрсауынан өз бетінше шыққан.

Оқиға орнына Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің №23 әмбебап құтқару бөлімшесінің мамандары, «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері, кинологтар және еріктілер барған. Іздеу-құтқару жұмыстарына дрондар да қатысқан.

Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қар астынан қаза тапқан адамның мәйіті табылып, шығарылды.

 

Серіктес жаңалықтары