Алматының Медеу аудандық сотында кәсіпкер Ольга Әбдіғаппароваға үкім оқылды. Сот Әбдіғаппарованы ішінара кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға шартты жазаға кесті, деп хабарлайды Ulysmedia.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сонымен қатар, Ольга Әбдіғаппароваға үш жылға коммерциялық мекемелерде басқарушы қызмет атқаруға тыйым салынды.
Бұған дейін Әбдығаппарова соңғы сөзінде өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған. Ол соттан «істе қылмыс құрамы болмауына байланысты» өзін ақтауды сұрады.
Фото: Ұлысмедиа
Сот жарыссөзінде прокурор «Ольга Әбдіғаппарова «AV-Construction» компаниясына бақылау орнатып, активтерді шығарып, өз отбасының мүддесі үшін әрекет етті» деп айыптап, оны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
Сот процесі дау болған Алматыдағы «Esentai City» құрылыс жобасы аясында өтіп жатыр.
СҰҚБАТ
Айта кетейік, Ұлысқа берген сұқбатында кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровтың анасы Сәуле Жүнісбекова рейдерлік, қылмыстық істер мен сот процестерімен байланысты көпжылдық қақтығысқа қатысты өз нұсқасын алғаш рет егжей-тегжейлі баяндап берген болатын.
Алмас Әбдіғаппаров амнистияға, келтірілген залалдың өтелуіне және шартты түрде мерзімінен бұрын босауға бірнеше мәрте өтініш бергеніне қарамастан, түрмеде шамамен алты жылға жуық уақыт өткізді. Оның жұбайы Ольга Әбдіғаппарова бір жылдан астам уақыт бойы үйқамақта болып, үкімді күтіп отыр. Отбасының айтуынша, қылмыстық қудалау тапсырыспен жасалған және ол Елдос Қоспаев айналасымен болған жанжалдан кейін басталған.